«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Амангелді ауылдық
округінің 2024-2026 жылдарға
арналған бюджетін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 11/167 шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Амангелді ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 41 183 мың теңге:
салықтық түсімдер - 3144 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен – 1 548 мың теңге;
трансферттер түсімі – 36 491 мың теңге;
2) шығындар – 42 665,1мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге:
бюджеттік несиелер - 0 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржылық активтерді сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - - 1 482,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 482,1 мың теңге:
қарыздардың түсуі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1482,1 мың теңге.»;
келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Амангелді ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінде қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 2023 қаржы жылында аудандық бюджеттен 1,1 мың теңге сомасында бөлінген нысаналы трансферттерді қайтару 4-қосымшасына сәйкес көзделсін.»;
келесі мазмұндағы 1-2 тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Амангелді ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бос қалдықтар есебінен шығыстар 4 -қосымшаға сәйкес көзделсін»;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының төрағасы