Амангелді ауылдық округі әкімінің аппаратына 2026 жылдың 1 тоқсанында 2 өтініш келіп түсті:
1) Е-лицензирование базасына 2 өтініш келіп түсті - мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініш (қаңтар - 1, ақпан - 1, наурыз - 0):
2) кеңсе арқылы 0 өтініш келіп түсті - мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініш (қаңтар - 0, ақпан - 0, наурыз - 0).
2026 жылғы 1-тоқсанда көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген - 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қаңтар - 1, ақпан - 1, наурыз - 0), көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс - 0 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қаңтар - 1, ақпан - 1, наурыз - 0).
(оның ішінде жеке тұлғаларға-1 қызмет, заң. тұлғаларға 1 қызмет көрсетілді).
2026 жылғы 1 тоқсан кезеңінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 0 қызмет электрондық түрде көрсетілді, 0 қызмет (оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы 0 қызмет, мемлекеттік мекемелердің меншікті ақпараттық жүйелері арқылы - 0 қызмет), өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 90 қызмет көрсетілді (ЭЦҚ алу, ауруханаларға тіркелу, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама, тіркелген тұлғалар туралы анықтама, соттылығы туралы анықтама алу, ЖЗҚ-дан үзінді көшірме алу, берешектің болуы/болмауы туралы, кредиттер туралы анықтама алу және т.б.).
Мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында 4 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, Фейсбукте мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы және ауылдық округ әкімі аппаратында қандай қызметтер көрсетілетіні және ауылдық округ әкімі аппаратында, сондай-ақ электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуге бағытталған қандай қажетті шаралар қабылданатыны туралы ақпарат орналастырылды:
2026 жылғы 28 қаңтарда Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.В.Осина тұрғындармен ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша түсініктеме жүргізді. Электрондық үкімет порталында өз бетінше ЭЦҚ алуға және зейнетақы жинақтарының болуы туралы анықтама алуға болатындығы кезең-кезеңімен түсіндірілді.
2026 жылғы 16 ақпанда Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.В. Осина тұрғындармен ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша түсініктеме жүргізді. Электрондық үкімет порталында мұрағаттық анықтаманы қалай алуға және емханаға тіркелуге болатындығы кезең-кезеңімен түсіндірілді.
2026 жылғы 6 наурызда тікелей эфирде бас маман Н.В. Осина Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2025 жылғы есебін ұсынды.
2026 жылғы 10 наурызда ауылдық округ әкімі Б.С. Исмагулов Амангелді ауылдық округі әкімінің аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және әкім аппаратының ғимаратында бар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған жабдықталған орын туралы айтып берді.