Салалық бағдарламаларының орындалуы туралы есептемелер
Қазіргі уақытта 635 ауылдың ішінде халқының саны 248,2 мың адам (82,9) 402 ауыл (63.3%) орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген, халқының саны 51,3 мың адам (17,1%) 233 ауыл (36,7%) орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілмеген.
Солтүстiк Қазақстан облысында сумен жабдықтау және су бұруға қатысты «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасын (бұрында — «Ақ бұлақ») iске асыру барысы туралы ақпарат
«Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» (бұрында - «Ақ бұлақ») бағдарламасы әрекет еткен кезеңде 2011 жылдан 2019 жылға дейiн 2,1 мың км су құбыры салынды, осы мақсаттарға 40,1 млрд. теңге бағытталды. Нәтижесінде 61 елдi мекенiне ауыз су берiлдi (37 мың адам), 184 елдi мекенiнде (211 мың адам) сумен жабдықтау жақсартылды, облыс ауылдарының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетiмдiлiгi 2010 жылдан
49%-дан 2019 жылы 62,4%-ға артты.
2020 жылы сумен жабдықтауға 6,5 млрд. теңге бағытталды. Сумен жабдықтау жұмыстарымен халық саны 60 мың адам 76 елді мекен қамтылды. Ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі
62,7% - ға, ауыл халқының саны 82,1% - ға жетті.
2021 жылы сумен жабдықтауға 11,4 млрд.теңге көзделген.
Жалпы, ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 2021 жылдың соңында ауыл халқының 83,5% - ын құрайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, келесі жылдарға алдын ала жоспар құру мақсатында
33 елді мекенде сумен жабдықтау және су бұрудың 21 объектісін салу және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлену сатысында, олар дайын болуына қарай оны кезекті нақтылау және қалыптастыру кезінде республикалық бюджеттен қаржыландыруға мәлімделетін болады.
Солтүстiк Қазақстан облысында су бұру 5 ауылда ғана жүзеге асырылады (Саумалкөл, Явленка, Покровка, Бескөл және Новоишимское), оның iшiнде Саумалкөл ауылында ғана кәрiздiк тазарту құрылыстары бар.
2011 жылдан бастап ауылдық елдi мекенде су бұру бойынша жобалар iске асырылмады. 2018 жылдан бастап Новоишимское ауылында жобаның жалпы шарттық құны 3,4 млрд.теңгеге кәрiз желiлерi мен тазарту құрылыстарын салу бойынша жобаны iске асыруға бастады.
Солтүстiк Қазақстан облысында сумен жабдықтау және су бұруға қатысты «Нұрлы жол» бағдарламасын iске асыру барысы туралы ақпарат
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберiнде өткен үш жыл iшiнде
(2015-2017 жылдар) сумен жабдықтау мен су бұрудың 14 объектiсiн салу мен қайта құруға 4,1 млрд.теңге көлемінде қаражат бағытталды. «Омутки» ақпа суларының жинақтаушысының бөгет-тоғанын және 4 кәрiз сорғы станциясының, 5 кәрiз коллекторының, 4 су таратқыштың қайта құруы жүргiзілдi.
ЕҚҚДБ тартылған қарыз шеңберiнде Петропавл қ. «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн жаңарту бойынша жобаны iске асыру қосымша жалғастырылуда. Аталған жобаға республикалық және жергiлiктi бюджеттен ортақ қаржыландыру есебiмен жалпы 3,85 млрд. теңге қаражат бағытталды.
Петропавл қ. сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн қайта құру бойынша кешендi шаралардың нәтижесiнде сумен жабдықтау желiлерiнiң тозуын 60,5 %-ға, су бұру желiсiнiң тозуын 61,5 %-ға төмендетуге мүмкiндiк бердi, сумен жабдықтау желiсiндегi су шығынының деңгейi 15,5%.-ға төмендедi.
Облыста 1705 көп қабатты үй бар. Петропавл қаласының көп қабатты тұрғын үй қоры 1041 үйдi, облыстың аудандарында 664 үйдi құрайды.
ТКШ жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысында, облыста 103 үйдiң, соның iшiнде пәтер меншiктенушiлердiң қайтарылған қаражаты есебiнен 11 үйдiң жөндеуi өткiзiлген. Шатыр, қасбет,инженерлiк желiлер мен лифттердi жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.
