Меню

Страницы

Статья

Сумен жабдықтау

Қазіргі уақытта 635 ауылдың ішінде халқының саны 248,2 мың адам (82,9) 402 ауыл (63.3%) орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген, халқының саны 51,3 мың адам (17,1%) 233 ауыл (36,7%) орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілмеген.

Солтүстiк Қазақстан облысы ертеден су қорларына бай. Облысты Есiл өзенi және жер асты көздерi сумен жабдықтайды.

Солтүстiк Қазақстан облысында Петропавл және Сергеев су қоймалары бар.

Маусымдық реттеу гидротүйiн бар Петропавл су қоймасы Есiл өзенiң орта ағысында орналасқан, 1973 жылда iске қосылған. Осы су қоймасы Сергеев су қоймасымен бiрiге қосылып, аймақ тұтынушыларын шаруашылық-ауыз және техникалық сумен жабдықтауға арналған бiрыңғай су шаруашылығы кешенiн құрайды. Су қоймасының түрi арналы, су үстi аумағы — 9,7 км2, орташа тереңдiгi — 4-5 м, көлемi — 19, млн. м3. Гидротүйiн құрамына келесi құрылыстар кiредi: жайпақ қақпақтармен қайта жабылып тұратын үш суағар пролеты бар бетон суағар бөгет және жер бөгет.

Сергеев су қоймасы 1969 жылы құрылған, оның ұзындығы — 75 км,енi — 7 км, аумағы 117 км2 құрайды, көлемi — 0,693 км3. Ол ағынның көпжылдық реттелуiн қамтамасыз етедi, энергетика мен жер суландыруға пайдаланылады. Сергеев гидротүйiнiнiң бөгетпен бiрге республиканың Солтүстiк Қазақстан облысын, iшiнара Қостанай облыстарын, сонымен қатар Ресейдiң Түмен облысын сумен жабдықтайтындықтан мемлекетаралық маңызы бар.

Солтүстiк Қазақстан облысында екi iрi «Есiл-су» РМК «Қазсушар» және «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтайтын кәсiпорын бар.

«Қазсушар» РМК «Есiл су» филиалы Есiл өзенiнен Есiл, Булаев, Преснов, Соколов топтық су құбырларынан облыс аудандарын сумен жабдықтау саласында iс-әрекетiн жүзеге асырады. Бөлiмшенiң қызмет нысаны және мақсаты республикалық маңызы бар су шаруашылығы нысандарын,сонымен қатар басқа су шаруашылығы нысандарын пайдалану, Солтүстiк Қазақстан және Қостанай облыстарының су пайдаланушылары мен су тұтынушыларына ауыз су беру. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына сәйкес сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын Булаев, Есiл, Преснов, Соколов топтық су құбырлары аса маңызды сумен жабдықтау топтық жүйелер тiзiлiмiне енгiзiлген. «Есiл су» бөлiмшесi құрамында 4 өндiрiстiк үлескi және құрамына 14 жөндеу-пайдалану үлескiлерi кiретiн басқару аппараты бар.

«Қызылжар су» ЖШС — бұл кәсiпорындарды,тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететiн және ағын суларды қабылдау мен тазалауды жүзеге асыратын қаланың iрi кәсiпорны. Кәсiпорынның көлемдi техникалық базасы бар су жинау құрылыстары, сорғыш және тазалау сүзу станциялары, зарарсыздандыру қондырғылары мен лабораториялар, су құбыры жүйелерi,сорғыш станциялары, су бөлетiн бағаналар және басқа техникалық және шаруашылық нысандар. Петропавл қаласы су бұруының қазiргi жүйесi — өзiмен нық және тиiмдi жұмысымен қаламыздың санитарлық және экологиялық аман-есендiгiнiң маңызды құрамдас бөлiгiнiң бiрi саналатын инженерлiк құрылыстың күрделi жүйесiн көрсетедi. Үстiңгi ағын сулар өздiгiнен су ағызатын жүйелер арқылы бұрып жiберiледi. «Қызылжар су» ЖШС су сақтау,ұйымдастырылмаған қосымша сала санын қысқарту,халықтың заманауи қор сақтаушы тұрмыстық және санитарлы-техникалық қондырғыларды кеңiнен пайдалануы бойынша жоспарлы саясатының арқасында су тұтыну және қалалық кәрiзге ағын сулар құйылуының төмендеу үрдiсi сақталуда.

Облыс аудандарында сумен жабдықтайтын және су бұратын мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар бар: Айыртау ауданында — «Айыртау су», Ақжар ауданында — «Ақжар» және «Талапкер», Аққайың ауданында — «Қамқор Аққайың», Есiл ауданында — «Қамқор» және «Ақ бұлақ», Жамбыл ауданында — «Жамбыл су», М. Жұмабаев ауданында — «Булаев қалалық су шаруашылығы», Қызылжар ауданында — «Жiгер», Мамлют ауданында — «Коммунсервис», Ғ. Мүсiрепов ауданында — «Еңбек», Тайыншы ауданында — «Тайынша», Уалиханов ауданында — «Мөлдiр су», Шал ақын ауданында — «Жәрдем».

Дата публикации
10 ноября 2022
Дата обновления
10 мая 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы