Солтүстiк Қазақстан облысында тұрмыстық және өндiрiстiк қажеттiлiк үшiн сұйытылған көмiрсутегi газы қолданылады. Аккредиттелген ұйымдар: «Рока» ЖШС, «Горгаз-сервис» ЖШС, «Райгаз» ЖШС, «Алыс газ» ЖШС, «Альнур газ» ЖШС, «Облгаз» ЖШС, «Данияр-Бидай» ЖШС Солтүстiк Қазақстан облысына сұйытылған газды жеткiзетiн негiзгi жеткiзушiлер болып табылады.
Негiзгi газды жеткiзу «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» ЖШС (Ақтөбе қ.), «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» ЖШС-нен (Павлодар қ.) жүзеге асырылады.
Халықты және облыс аудандарындағы кәсiпорындарды сұйытылған газбен жабдықтау газ баллоны, автожанармай құю станциясы және топтық резервуарлық қондырғы арқылы жүзеге асырылады.
Петропавл қ. көп қабатты үйлерiн сұйытылған газбен қамтамасыз етудi топтық резервуарлық қондырғы арқылы «Горгаз-сервис» ЖШС жүзеге асырады. «Горгаз-сервис» ЖШС кәсiпорынның қызметiнде 327 ГРҚ және
460 км газ құбыры бар. Кәсiпорын Петропавл қ. 725 көп қабатты тұрғын үйлерiн газбен қамтамасыз етедi. Абоненттердiң саны 55 мыңды құрайды.
Сондай-ақ өңiрде ТМД-ға өсiп келе жатқан сұранысты нивелирлеу, қоршаған ортаға зиянды әсердi төмендету және энергия тиiмдiлiгiн арттыру үшiн Сұйытылған табиғи газды пайдалану мәселесi қарастырылуда. «GlobalGasGroup» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) жалпы құны 300 млн. теңгеге «Молпродукт» ЖШС газбен жабдықтау үшiн Петропавл қаласында сұйытылған табиғи газбен қайта газдандыру Кешенiн салу жүргiзiлуде.
Табиғи газ Екатеринбург қаласынан жеткiзiледi және тұтынушыларға қайта газдандыру қондырғысы арқылы газға айналған күйге аудару арқылы жеткiзiлетiн болады.
Қазiргi уақытта Кешен үшiн жабдықтар сатып алынды. Ұзақтығы бiр километрден асатын орташа қысымды газ құбырын салуға кiрiстiк.