Меню

Страницы

Статья

Коммуналдық шаруашылық

Коммуналдық шаруашылық

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында әлеуметтік сала мен тұрғын үй объектілерін жылытатын 490 қазандық, оның ішінде 24 орталық, 139 жергілікті және 327 дербес қазандық жұмыс істейді. 604 білім беру, 369 денсаулық сақтау, 167 мәдениет нысаны бар.

Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында арнайы техникамен және материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылған авариялық-техникалық бригадалар құрылған.

Жылыту маусымына бюджеттік мекемелер үшін көмір 141 мың тонна көлемінде толығымен жеткізілді. Орталық қазандықтар үшін көмірге қажеттілік 59 мың тоннаны құрайды, шарттар жасалды, нормативтік қажеттілік 24 мың тонна көлемінде бар. Халықтың мұқтаждығы үшін көмір жылдық қажеттілік кезінде 419 мың тонна, 336 мың тонна немесе 80% көлемінде дайындалды, темір жол тұйықтарында 32 мың тонна көмір бар, оның ішінде Петропавл қаласында-2600 тонна.

Тұрғын үй секторы

Үйлерді жөндеу бөлігінде «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат.

Солтүсік Қазақстан облысының аумағында барлығы 1837 көп қабатты тұрғын үй бар, оның ішінде Петропавл қаласында 1152 үй. Үйлердің негізгі бөлігі 1960-1980 жылдары салынған және айтарлықтай тозған.

Қабылданған «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының (бұрын – ТҮКШ жаңғырту) арқасында облыстың тұрғын үй қорының тозуы жағдайын жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік туды. Мемлекет тарапынан ұсынылып отырған пайызсыз несиелер есебінен халықты тұрғын үйді жөндеу және бағдарламаға қатысу қажеттілігіне сендіруге мүмкіндік туды.

Осылайша, 2011-2020 жылдар аралығында Бағдарлама аясында облыста 2,7 млрд. теңге сомасына 170 үй жөнделді.

2016-2020 жылдары РБ-дан қаржыландыру жүргізілмеді, 27 үйге жөндеу жұмыстары тек бұрын берілген несиелер бойынша қайтарымды қаражат есебінен жүргізілді.

2021 жылы республикалық бюджеттен жалпы сомасы 1 022 149,0 мың теңгеге 19 көппәтерлі үйді (Петропавл қаласында 18 үй, Тайынша қаласында 1 үй) жөндеуге қаражат бөлінді.

Анықтама: барлық 19 үй бойынша жұмыстар аяқталды.

Сонымен қатар, 2021 жылы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлыжер» бағдарламасы аясында қайтарымды қаражат есебінен жалпы сомасы 33 млн. теңгеге Алтынсарин көшесі, 266 мекенжайындағы 2 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына, жалпы сомасы 22 млн. теңгеге Ибраев көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан үйге күрделі жөндеу жүргізілді және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 13 млн.теңге сомасына Н.Назарбаев көшесі, 136 мекенжайындағы тұрғын үйде бір лифт жабдығын орнату бойынша жұмыс жүргізілді.

2022 жылға 1 083 349,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, тағы 19 көппәтерлі тұрғын үй (Петропавл қ.) күрделі жөндеумен қамтылды, қазіргі уақытта жұмыстар аяқталуда (оның ішінде 16 шатырды жөндеу, 3 лифт орнату).

Көп пәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу туралы ақпарат: мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және жай серіктестік (ЖС).

Солтүстік Қазақстан облысында 1 545 үй басқарудың жаңа нысандарына көшуге жатады.

Анықтама үшін: облыс бойынша барлығы 1837 КПТҮ бар, түзетуден кейін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірге 292 КПТҮ алынып тасталды, оның ішінде: коммуналдық үйлер, шағын 4 пәтерлі үйлер, апаттық үйлер және ЖШС, ШҚ, ФҚ үйлері.

Бүгінгі таңда облыста 1545 жаңа басқару нысаны немесе 100% тіркелген, оның ішінде 342 МИБ (324 Петропавл қаласында, 15 Мамлют ауданында,1 Ғ. Мүсірепов ат. ауданында және 2 Тайынша ауданында) және 1203 ЖС.

Елді мекендерді абаттандыру

Абаттандыру саласындағы қатынастардың тәртібі мен реттелуі Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында айқындалады (бұдан әрі-Қағидалар, облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 11 сәуірде № 13/21 шешімімен бекітілген).

Жыл сайын сәуір айынан бастап шілде айына дейін абаттандыру бойынша үш айлық (10 шілдеге дейін) өткізілді.

2022 жылы үш айлық аясында облыста 82 мың ағаш, 15 мың бұта, 22 мың м2 гүл бақшасы отырғызылды.

4,4 мың км көше, оқу орындарының барлық аумақтары және әлеуметтік саланың басқа да объектілері тазаланып, абаттандырылды.

574 ескерткіш, обелиск және оған іргелес аумақтар тиісті санитарлық жағдайға келтірілді.

297 саябақ, сквер, алаң, 64 демалыс аймағы тазаланып, абаттандырылды. 172 кіру тобы, 335 автобус аялдамасы қалпына келтірілген. Үш айлық аясында 24 балалар ойын және спорт алаңдары орнатылды.

 

Коммуналдық шаруашылық

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында әлеуметтік сала мен тұрғын үйді жылытатын 491 қазандық жұмыс істейді, оның ішінде 23 орталық, 126 жергілікті және 342 автономды қазандық. 604 білім беру, 527 денсаулық сақтау, 341 мәдениет нысандары бар.

Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында арнайы техникамен және материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған авариялық-техникалық бригадалар құрылған.

Жылыту маусымына бюджеттік мекемелер үшін көмір 144 мың тонна көлемінде толығымен жеткізілді. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың орталық қазандықтары үшін көмір қажеттілігі 59 мың тоннаны құрайды, шарттар жасалды, нормативтік қажеттілік 39 мың тонна көлемінде бар. Халықтың мұқтажы үшін көмір жылдық қажеттілік 391 мың тонна болған кезде 365 мың тонна немесе 94% көлемінде дайындалған, темір жол тұйықтарында 4,4 мың тонна көмір бар, оның ішінде Петропавл қаласында — 980 тонна.

Тұрғын үй секторы

Тұрғын үйлерді жөндеуге қатысты «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат.

Облыста 1853 көпқабатты үйлер бар. Петропавл қаласының көп қабатты тұрғын үй қоры 1168 үйді, облыс аудандарында 685 үйді құрайды.

Облыста 2011-2020 жылдар аралығында Бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 2,7 млрд. теңгеге 170 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жүргізілді.

2021 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жалпы сомасы 1,02 млрд. теңгеге 15 үйді жөндеуге 2021 жылды нақтылауға Бюджеттік өтінімді қолдады. Осы бағдарламаны іске асыру облыстың тұрғын үй қорын жақсартуға оң әсер етеді.

Көп пәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу туралы ақпарат: мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және жай серіктестік (ЖС).

Облыс бойынша кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшуге барлығы 1545 үй жатады. Бүгінгі күні аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері көп пәтерлі үйлердің меншік иелері мен тұрғын емес үй-жайларымен 1000-нан астам жиын өткізді. Өткізілген жиналыстар нәтижелері бойынша басқарудың 954 жаңа нысаны құрылды, оның ішінде: 72 МИБ және 882 ЖС.

Елді мекендерді абаттандыру

2021 жылғы 10 сәуір мен 10 шілде аралығында облыстың елді мекендерінде абаттандыру бойынша үш айлық өткізілді.

Үш айлық кезеңінде 2,9 мың км көше, 791 оқу орындарының аумағы және басқа да әлеуметтік сала объектілері, 94 мың аула аумағы тазартылды және абаттандырылды. 400 ескерткіштерді, обелискілерді және оларға іргелес аумақтарды тиісті санитарлық жағдайға келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

62 жағажай мен демалыс аймақтары, 219 саябақ, скверлер, алаңдар тазартылды және абаттандырылды. 233 кіру тобы, 321 автобус аялдамасы қалпына келтірілді.

Солтүстік Қазақстан облысында көп қабатты тұрғын үй қорын жөндеу бөлігінде «2020 жылға дейін аумақтарды дамыту» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысында 1853 көпқабатты тұрғын үй бар, олардың басым бөлігі Кеңес заманында салынған және тозығы жеткен. Бұған дейін 2011 жылдан бастап ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы жұмыс істеді, ол еліміздің ескірген тұрғын үй қоры проблемасын шешуде өзінің тиімділігін көрсетті.

Облыста 2011-2020 жылдар аралығында Бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 2,7 млрд. теңгеге 170 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жүргізілді.

Дата публикации
07 декабря 2022
Дата обновления
07 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы