Меню

Страницы

Статья

Петропавл қаласын жылумен жабдықтау

Петропавл қ. тұтынушыларына жылу энергиясын беру және тарату «Петропавл Жылу Желiлерi» ЖШС қызметiнiң негiзгi түрi болып табылады. Кәсiпорын қаланың тұрмыс секторының 70,6 мың абонентi мекенжайына және 2,3 мыңнан артық абонент — заңды тұлғаларға жылу энергиясын тасымалдауды жүзеге асырады. Кәсiпорын теңгерiмiнде 233,5 км, соның iшiнде 85,3 км магистралдық желiлер және 148,2 км таратушы, 5 магистралдық сорғы станциясы және 46 абоненттiк жылу жүйесi бар.

2019 жылы 15 құбыр желiсiн қайта құру және жаңарту, жөндеуге 1089 млн. теңге көлемiнде қаражат бағытталды.

Тұтынушылар үшiн маңызды мәселе жылу желiлерi кәсiпорнымен тiкелей өзара iс-қимыл болып табылады. Петропавлдықтар өз үйлерiн жылумен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердi шешу үшiн жылу берушiлер бiрқатар нұсқаларды ұсынады: сұрақтар және ұсыныстармен қала тұрғындары жақында құрылған «Севказэнергосбыт» ЖШС байланыс орталығының телефоны бойынша 500-666 немесе Жұмабаев көшесi, 215А мекенжайында орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына жүгiне алады. Сонымен қатар, апта сайын бейсенбi күндерi сағат 16-дан 18-ге дейiн бас директор азаматтарды қабылдайды. 52-26-77 телефоны бойынша алдын ала жазылып, әркiм өз мәселесiмен «Петропавл Жылу Желiлерi» ЖШС басшылығына жүгiне алады. Кәсiпорынның қызметi туралы көбiрек бiлу үшiн тұтынушы кез келген уақытта «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниясының www.sevkazenergo.kz ресми сайтына кiре алады.

Дата публикации
09 сентября 2020
Дата обновления
09 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы