Меню

Страницы

Статья

Энергетика

Солтүстiк Қазақстан облысының энергетикалық кешенi және коммуналдық шаруашылығы

Солтүстiк Қазақстан облысының энергетикалық кешенi «СЕВКАЗЭНЕРГО» тобының және «Көкшетау Энерго» ЖШС компанияларымен көрсетiлген.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» компаниясы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (2-ЖЭО) энергия өндiрушi кәсiпорнын, жылу және электр желiлерi «Петропавл Жылу Жүйелерi» ЖШС, «Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ және энергиямен жабдықтаушы ұйым «Севказэнергосбыт» ЖШС-iн бiрiктiредi.

Энергия өндiру

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (2-ЖЭО) Петропавл қаласының жылу энергиясының және Солтүстiк Қазақстан облысындағы сегiз ауданының және Петропавл қаласының электр энергиясының негiзгi көзi болып табылады. Iшкi нарықты қамтамасыз етумен бiрге, облыс шегiнен тысқары электр энергиясымен қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

Негiзгi жабдығының құрамына 12 энергетикалық тас көмiр тозаңы қазандықтары және 7 турбоагрегат кiредi.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша станцияның бекiтiлген электрлiк қуаты 541МВт; жылу қуаты 713 Гкал/сағ құрайды. Станция екiбастұздық көмiрде жұмыс iстейдi. Көмiрдiң жылдық қажеттiлiгi
3,1 млн. тонна, мазуттыкi 3 мың тоннаны құрайды.

2019 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО жабдығын жаңарту және қайта құру, жөндеуге 5,4 млрд. теңге көлемінде қаражат бағыттады. Жылулық қуатын шығару сұлбасын қайта құру жалғастырылуда (сатып алу, монтаж және техқұбыржолын, сорғы станциясы жабдығын, ЦТРП жабдығын қаптау), отын жеткізу жаңартылды, №6 автотрансформаторы сатып алынды. Аталған шараларды өткізу электр қуатының 1,2 млн. кВтсағ. үнемдеуге мүмкіндік береді және энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен параметрлерін арттырады.

2018 жылы электр қуаттылығының өндірімділігі 3211 млн. кВтсағ. құрады. 2019 жылдың 10 айы ішінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО электр қуаттылығының өндірімділігі 2794,1 млн. кВтсағ. құрады, ол 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда 10,6% артты (2526,3 млн. кВтсағ).

Жылу энергиясын беру және тарату

Петропавл қ. тұтынушыларына жылу энергиясын беру және тарату «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС қызметiнiң негiзгi түрi болып табылады. Кәсiпорын қаланың тұрмыс секторының 70,6 мың абонентi мекенжайына және 2,3 мыңнан артық абонент — заңды тұлғаларға жылу энергиясын тасымалдауды жүзеге асырады.

Кәсiпорын теңгерiмiнде 233,5 км, соның iшiнде 85,3 км магистралдық желiлер және 148,2 км таратушы, 5 магистралдық сорғы станциясы және 46 абоненттiк жылу жүйесi бар.

2019 жылы 15 құбыр желісін қайта құру және жаңарту, жөндеуге 1089 млн.теңге көлемінде қаражат бағытталды.

Электр энергиясын беру және тарату

«Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ Петропавл қ. үшiн және облыстың сегiз солтүстiк аудандарына электр энергиясын беру және таратуды жүзеге асырады (Аққайың, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют, М. Жұмабаев, Тимирязев, Шал ақын).

«Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ электр қуатын жеткізу жолының облыс бойынша ұзақтығы 13 299 км, қосалқы станция саны 2411 бірлікті құрайды.

«Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ желілеріндегі электр қуатының ысырабы 2018 жыл ішінде 8,36% құрады. Нормативтен жоғары ысыраптар жоқ. Электр желілерінің тозуы 67,1% құрады.

2019 жылы «Солтүстiк Қазақстан ЭТК» АҚ-мен электрмен жабдықтау желілерін қайта құру және жөндеуге 1,68 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. 1033 км желіге, 111 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 0,4-10 кВ ЭБЖ, Петропавл қ. № 3 қосалқы станциясының қайта құруы орындалды, ЭКЕАЖ ендіру жалғастырылуда, «Новомихайловка-Литейная» 110 кВ ӘЖ құрылысы жүргізілуде.

Аталған ЭБЖ «Сибирь», «Новомихайловка» және «Литейная» қосалқы станцияларын қосады, ол «СҚ ЭТК» АҚ тұтынушыларының және ООТЖ тартымдық қосалқы станцияларының сенімділігін арттырады, сондай-ақ тұтынушыларға электр энергиясын беру кемістігін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Көкшетау Энерго» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысының бес оңтүстік ауданында (Айыртау, Ақжар, Ғ. Мүсірепов ат., Тайынша, Уәлиханов) электр энергиясын тарату және жеткізуді жүзеге асырады. Кәсіпорынның балансында 8,9 мың км әуе және кабельдік электр беріліс желісі, СҚО аумағында орналасқан 1 749 қосалқы станциясы мен трансформаторлық пункттері бар.

2019 жылы қайта құру мен жөндеуге 559,5 млн. теңге қаражат бағытталды. 97 қосалқы станциясы мен 730 км желінің күрделі жөндеуі жүргізілді.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар

Солтүстiк Қазақстан облысы территориясында екi энергиямен жабдықтау ұйымы бар — «Севказэнергосбыт» ЖШС және «Солтүстiк Энерго Орталық» ЖШС. «Севказэнергосбыт» ЖШС Петропавл қаласында және облыстың сегiз солтүстiк ауданында, «Солтүстiк Энерго Орталық» ЖШС бес оңтүстiк ауданында әрекет етедi.

Солтүстік Қазақстан облысындағы электр энергиясына арналған орташа
босату тарифінің өзгеру динамикасы (ҚҚС-мен)

Петропавл қ. тұрғындары үшін жылу энергиясына
тарифтің өзгеру динамикасы (ҚҚС-мен)

Жаңартылатын энергия көздері

Облысымызда жалпы қуаты 58 МВт жаңартылатын энергияны пайдалану бойынша 151 объект бар (Сергеевка ГЭС-2,26 МВт, жалпы қуаттылығы 3,5 МВт «Зенченко и К» КТ 4 желдік генераторы, жалпы қуаттылығы 2 МВт «Иван Зенченко» 2 желдік генераторы, 102 биоқазандық — 50 МВт). Ағымдағы жылдың 9 айында ЖЭК объектілерімен электр энергиясын өндіру 15,3 млн кВт*сағ құрады, электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі үлесі — 0,63% (ҚР бойынша — 1,77%).

2019 жылдың 8 қазанында «Иван Зенченко» ЖШС жалпы қуаттылығы 2 МВт құрайтын 2 желдік генераторы іске қосылды.

Біздің облыс аграрлық болып табылады және алқаптарда био отын ретінде пайдаланылатын көптеген биомассалар (сабан) пайда болады.

Облыс бойынша биомассада 103 қазандық орнатылды, 67 бюджеттік мекеме ауыстырылды. Нәтижесінде бюджет 190 млн. теңгеге 21 мың тонна көмірді сатып алудан бас тартты,осы нысандар бойынша зиянды заттардың шығарындылары көмірмен салыстырғанда 6 есеге төмендеді.

Солтүстік Қазақстан облысын газбен жабдықтау

Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық және өндірістік қажеттілік үшін сұйытылған көмірсутегі газы қолданылады. Аккредиттелген ұйымдар: «Рока» ЖШС, «Горгаз-сервис» ЖШС, «Райгаз» ЖШС, «Алыс газ» ЖШС, «Альнур газ» ЖШС, «Облгаз» ЖШС, «Данияр-Бидай» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысына сұйытылған газды жеткізетін негізгі жеткізушілер болып табылады.

Негізгі газды жеткізу «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» ЖШС (Ақтөбе қ.), «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» ЖШС-нен (Павлодар қ.) жүзеге асырылады.

Халықты және облыс аудандарындағы кәсіпорындарды сұйытылған газбен жабдықтау газ баллоны, автожанармай құю станциясы және топтық резервуарлық қондырғы арқылы жүзеге асырылады.

Петропавл қ. көп қабатты үйлерін сұйытылған газбен қамтамасыз етуді топтық резервуарлық қондырғы арқылы «Горгаз-сервис» ЖШС жүзеге асырады. «Горгаз-сервис» ЖШС кәсіпорынның қызметінде 327 ГРҚ және 460 км газ құбыры бар. Кәсіпорын Петропавл қ. 725 көп қабатты тұрғын үйлерін газбен қамтамасыз етеді. Абоненттердің саны 55 мыңды құрайды.

Сондай-ақ өңірде ТМД-ға өсіп келе жатқан сұранысты нивелирлеу, қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету және энергия тиімділігін арттыру үшін Сұйытылған табиғи газды пайдалану мәселесі қарастырылуда. «GlobalGasGroup» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) жалпы құны 300 млн. теңгеге «Молпродукт» ЖШС газбен жабдықтау үшін Петропавл қаласында сұйытылған табиғи газбен қайта газдандыру Кешенін салу жүргізілуде.

Табиғи газ Екатеринбург қаласынан жеткізіледі және тұтынушыларға қайта газдандыру қондырғысы арқылы газға айналған күйге аудару арқылы жеткізілетін болады.

Қазіргі уақытта Кешен үшін жабдықтар сатып алынды. Ұзақтығы бір километрден асатын орташа қысымды газ құбырын салуға кірістік.

Дата публикации
09 сентября 2020
Дата обновления
09 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы