Мемлекеттiк қызметке орналасу бойынша ақпарат 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы (бұдан әрi — Заң) қолданысқа енгiзiлдi.
Заңның 26 бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттiк лауазымдарына алғаш рет кiретiн немесе мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн оған қайтадан кiретiн азаматтар мынадай iрiктеу кезеңдерiнен өтедi:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу Қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.
«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «D-O-4» санаты үшiн: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн бiлуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Заңнаманы бiлуге тестiлеу нәтижесi бойынша сертификат, жеке қасиеттердi бағалау нәтижесi бойынша — қорытынды берiледi.
Олар бiр жыл iшiнде әрекет етедi және мемлекеттiк органмен әңгiмелесу нысанында өткiзiлетiн үшiншi кезең — жалпы конкурстан өтудiң ажырамас құжаты болып табылады.