Мемлекеттік қызметі саласындағы өзекті мақсатының бірі мемлекеттік өкімет органдарының жоғары тиімді және мінсіз жұмысының болуына кепіл беруге қабілетті, кәсіби даярланған және адамгершілігі таза мемлекеттік қызметшілер тұрқының құрылуы болып табылады.
«Ұлт жоспары –100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасында бес институционалдық реформаларының ішінде кәсіби мемлекеттік аппарат құру қарастырылған. Осы көрсетілген реформада тармақтарының бірі МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ болып табылады: мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.
Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс туралы жазылған. Және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.
Қазіргі замандағы мемлекеттік қызметкер жаңашылдарға сезімтал, патриотты, білушілік сияқты сапаларға ие болулары қажет. Мемлекеттік қызметке талапкерлерді іріктеу барысында кәсіби, интеллектуалдық қасиеттеріне ерекше ықылас бөлінеді. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Соңғы жылдары мемлекеттік қызметкер болуға ұмтылатын жастардың саны өсуде, бұл біздің басқармадағы өткізілетін конкурстар деректері дәлелдейді.
Біз мемлекеттік қызметке жастарды белсенді тартуын олардың жігерлігін қолдануы мен біздің мекемеміздің жұмысына жаңа серпілісін еңгізуіне мүмкіншілік беретініне көзін жеткіземіз. Осыған байланысты үлкен ұрпақтың сабақтастығын және жұмыс тәжірибесін беру үшін жақсы шарттар тудырады.
Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін жоғарылату міндетті жағдайларының бірі олардың біліктілік деңгейін арнайы курстарда үнемі жоғарылату, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақсатн Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» филиалы. Біздің еліміздің әр түрлі салалардың қайта бейімделуі және реформалары маңыздысы әрбір мемлекеттік қызметшіден өз-өзімен үнемі жұмысты талап етеді. Сондықтан басқарманың мамандары курстағы оқуымен шектелмей, күнделікті жұмыс процесінде және жұмыстан тыс уақытта нормативті-құқықты актілер мен арнайы әдебиетті оқиды.
Мемлекеттік қызметшілердің дамуының жақсы жәрдемі министрлікпен және басқа мекемелерімен әртүрлі семинарлар, конференциялар өткізілетіні болып табылады.
Лауазымдық міндеттерін ескермеуі, жеке чиновниктердің сыбайлас жемқорлығы мемлекеттік басқарманың жүйесіне көлеңке қалдыратынын, құпия емес. Пара алатын немесе қорқытып алатын чиновниктің бейнесі біздің азаматтардың санасында әлі күнге дейін нық.
Сондықтан қызметшілердің біліктілігін жоғарылатуымен бірге мемлекет тарапынан жәрдем күтетіндерге бейімділік, инабатты, адалдық, сыпайы және зейін азаматтардың келуін біздің қамқорлығымыз деп көреміз. Осы жылда ғана басқармамен 53 шағымдар, үндеулер, азаматтардың өтініштердің қарастырылуы кәсіптік даярлығын ғана емес, сонымен де мәселелерді зерделі қарастырылуын талап етеді. Басқарманың басшылығымен тәртіптік жазаға дейін азаматтардың үндеулері сапасыз қарастырылған факттерге қатал баға беріледі.
Сонымен қатар, чиновниктермен қызмет борышына әділетсіз және олардың нашар істелінген жұмысы туралы айтып келгенде, жалпы жүйе туралы емес, жеке тұлғаларға қатысты екенін атап өткен жөн. Жалпы алғанда азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге үлкен сенімділікпен қарайды, оларға көмекке барып, кейде ең маңыздысын сеніп тапсырады.
Сонымен бірге, тәуелсіз жылдар бойы әлеуметтік-экономикалық саласының дамуындағы жеткен жетістіктері көбінесе еңбекті көп қалайтын жұмыстың, атап айтқанда мемлекеттік қызметшілердің нәтижесі.