Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ мұнаралы крандармен жабдықталған құрылыс нысандарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментімен және «Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-мен бірлесіп, Петропавл қаласындағы Крепостная және Н. Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан, мұнаралы кран орнатылған құрылыс нысанында көшпелі кеңес өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлер өндірістік жарақаттанудың ағымдағы жай-күйімен таныстырылып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу және жүк көтеру тетіктерін пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ҚР еңбек заңнамасының талаптары туралы хабардар етілді.
Мұнымен қоса, қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтау, өндірістік жазатайым оқиғаларға жол бермеу және құрылыс саласы қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады және құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік деңгейін көтеруге әрі өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталады
Биіктіктегі жұмыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ерекше назар аударуды талап ететін жұмыс түрлеріне жатады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 180 және 182-баптарына сәйкес жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қызметкерлерді оқыту мен нұсқамалықтан өткізуге, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Биіктікте жұмыстар орындаған кезде жарамды жеке қорғаныс құралдарын, соның ішінде сақтандыру жүйелерін пайдалану, жұмыс орнының қауіпсіздігін тексеру және белгіленген талаптарды сақтау қажет.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген Биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес биіктіктегі жұмыстар көзделген қауіпсіздік шаралары мен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар сақтала отырып орындалуы тиіс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау — бұл әрбір жұмыс беруші мен қызметкердің жауапкершілігі, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың ең маңызды шарты.
Кәсіптік тәуекелдерді бағалау дегеніміз не және ол не үшін қажет? Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Мирас Сабағанов жауап береді.
Кәсіптік тәуекелдерді бағалау — бұл еңбек міндеттерін орындаумен байланысты қауіптерді анықтау, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың туындау ықтималдығын белгілеу, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ықтимал салдарларды бағалау процесі.
Кәсіптік тәуекелдерді бағалау қауіпті және зиянды өндірістік факторларды дер кезінде анықтау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру үшін қажет.
https://www.instagram.com/dkgit_sko?dlrf=amJjcjhsY21pdDJl
https://www.facebook.com/share/v/19A6YbUfXw/
Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырылуы тиіс екенін білесіз бе?
Кез келген өндірісте, құрылыс алаңында немесе басқа да жұмыс орындарында белгілі бір қауіп-қатерлер болады. Сондықтан уақтылы өткізілетін нұсқама – жай ғана формалдылық емес, жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды шарасы.
❗ Жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес жұмыс беруші:
✅ Нұсқама беру және оқытуды жүргізуге – жұмыскерлерге еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау қағидаларын түсіндіруге және олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге;
✅ Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге – кәсіптік тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алу мен төмендету жөнінде шаралар қабылдауға;
✅ Қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге – жұмыскерлерді белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киіммен, аяқкиіммен және қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге;
✅ Қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға – белгіленген қағидалардың орындалуын қадағалауға және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
✅ Медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруға – заңнамада көзделген жағдайларда өз қаражаты есебінен медициналық қарап-тексерулер өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
⚠ Білу маңызды!
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті оқытудан және білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.
Сонымен қатар, жұмыскердің өзі де белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға, қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалануға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.
Нұсқаманы тек формалды түрде өткізу қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Әрбір жұмыскер ықтимал қауіп-қатерлерді түсініп, қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі маңызды.
Есіңізде болсын: жазатайым оқиғаның салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алған әлдеқайда маңызды.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – жұмыс берушінің міндеті және әрбір жұмыскердің құқығы!
#ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #МЕИК
«Элеватор Смирновский» ЖШС Аққайың ауданының прокуратурасымен бірлесіп «Заң және тәртіп» акциясы аясында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шара барысында еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс берушілердің еңбекті қорғау талаптарын сақтағаны үшін жауапкершілігі мәселелері қаралды.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылықты нығайтуға және жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Әрбір жұмыскердің жалақысын уақтылы алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларына және еңбек құқықтарының сақталуына құқығы бар.
Алайда іс жүзінде жұмыс берушінің жалақыны кешіктіруі, тиесілі төлемдерді төлемеуі, еңбек шартының талаптарын бұзуы немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтамауы сияқты жағдайлар кездеседі.
Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, не істеу керек?
📌 1-қадам. Өтініш беріңіз
Жұмыскер жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық департаментіне, оның ішінде e-Otinish порталы арқылы өтініш бере алады.
📌 2-қадам. Өтінішті қарау
Мемлекеттік еңбек инспекторлары өтініште көрсетілген мән-жайларды зерделейді, ұсынылған құжаттарды талдайды және заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда жұмыс берушіге тексеру жүргізеді.
📌 3-қадам. Тиісті шаралар қабылдау
Егер заңбұзушылықтар расталса, мемлекеттік еңбек инспекторы өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, жұмыс берушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілуі, ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
📌 4-қадам. Орындалуын бақылау
Еңбек инспекциясының жұмысы заңбұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмейді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.
Біздің міндетіміз – заңбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге ықпал ету.
Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, бұл жағдайды назардан тыс қалдырмаңыз. Мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгініңіз.
#ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #ЖұмыскерлердіңҚұқықтарынҚорғау #ЕңбекЗаңнамасы #МЕИК
2026 жылғы 15 қазанда еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы А.Ж. Абдугалиеваның қатысуымен Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті, оның барысында жұмыс берушілердің 2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдері және облыс аудандарының 2027 жылға арналған еңбек иммигранттарын тартуға қажеттілігі қаралды.
2026 жылға Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік жұмыс күшін тартуға - 654 бірлік квота жеткізілді, оның ішінде 1 санат бойынша - 6 бірлік, 2 санат. - 13 бірлік, 3 санат - 55 бірлік, 4 санат – 66 адам және маусымдық қызметкерлер - 514 бірлік.
2026 жылғы 15 қазанға облыста 18 жұмыс берушіде 300 шетелдік маман (квотаның 46%) еңбек қызметін жүзеге асырады, оның ішінде санат бойынша 24 маман (I санат бойынша - 1 бірлік, II санат бойынша - 2 бірлік, III санат бойынша – 15 бірлік, IV санат бойынша – 6 бірлік) және 276 маусымдық қызметкерлер.
Тартылған шетелдік мамандар елдері (1,2,3 санат) – Украина, Қытай және Германия, Ауғанстан, білікті жұмысшылар (4 санат) - Тайланд, Түркия және маусымдық жұмысшылар – Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай.
Бүгін 2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі бойынша өтінімдерді қарау ұсынылады, өтінімдер 43 жұмыс берушіден келіп түсті.
2026 жылдың 15 қазанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы М. К. Сабағанов Enbek.kz сайтында вакансияларды жариялау туралы түсініктемелер берді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласының прокуратурасымен бірлесіп, «Bakerton» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары, жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, сондай-ақ өндірісте еңбекті қорғау талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпті өндірістік факторларды уақтылы анықтау және жою, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, алайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
📖 ҚР Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға олардың жазбаша келісімімен немесе өздерінің өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі.
❗ Қызметкер нені білуі маңызды?
✅ Қызметкердің келісімі. Жалпы ереже бойынша жұмыс беруші қызметкерді оның жазбаша келісімінсіз демалыс күні жұмысқа тартуға құқылы емес.
✅ Еңбекақы төлеу. ҚР Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде жүргізіледі.
✅ Басқа демалыс күні. Қызметкердің қалауы бойынша жоғарылатылған еңбекақы төлеудің орнына басқа демалыс күні берілуі мүмкін.
✅ Ерекше жағдайлар. Заңнамада қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға жол берілетін жекелеген жағдайлар көзделген.
⚖️ Есіңізде болсын: қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың белгіленген тәртібін сақтау – жұмыс берушінің міндеті.
📢 Өз еңбек құқықтарыңызды біліңіз және оларды қорғаңыз!
#ЕңбекҚұқықтары #ҚРЕңбекКодексі #ЕңбекИнспекциясы #ҚызметкерлердіңҚұқықтарынҚорғау #МЕИК #ҚРЕңбекМинистрлігі