
Ағымдағы жылғы 7 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары А.К.Көшербаев Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша «BioOperations» ЖШС қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Бұл кездесуге «BioOperations» ЖШС директоры Е.В. Келин, Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.С. Жәкенова, Тайынша ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.В. Голубь және «BioOperations» ЖШС қызметкерлері тарапынан 23 адам қатысты.
Жұмыс кездесуі барысында ЖШС қызметкерлерінің талаптары тыңдалып, татуластыру комиссиясын, еңбек төрелігін және ереуіл өткізу ережелеріне қатысты туындаған сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.