
Ағымдағы жылғы 5 айдың iшiнде мемлекеттiк еңбек инспекторлары 2 мыңнан астам еңбек құқықтарын бұзу фактiлерiн жойды, 17 мың қазақстандықтың жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгеге жалақы бойынша берешегi өтелдi. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуiнде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов мәлiм еттi.