Семинар өткізу

Семинар өткізу

Ағымдағы жылғы 26 наурызда Уәлиханов ауданының әкімдігінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы А. А. Мұқановтың қатысуымен «СҚО ауылдық жерлерінде тұратын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауыл шаруашылығы саласындағы еңбекшілер мен азаматтардың басқа да санаттарына қолайлы жағдайлар жасауы туралы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен мамандары қатысты.

Семинар барысында туындаған көктемгі егіс жұмыстары кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты барлық өзекті мәселелер көтеріліп, толық жауаптар берілді.