Құрметтi жерлестер!

Құрметтi жерлестер!

Сiздердi 1 мамыр — Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсiз Қазақстанның қол жеткiзген барлық табыстары мен жетiстiктерi, ең алдымен, тату-тәттi өмiр сүрiп жатқан көп ұлтты халықтың ұлы және мызғымас достығының нәтижесi болып табылады.

Қазақстан халқының бiрлiгi күнi — ең бiрегей мемлекеттiк мерекелердiң бiрi. Ол — өз туған жерiмiзде тұрып жатқан барлық адамдарға ерекше қымбат. Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесiне орай шын жүректен шыққан құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сiздерге және Сiздiң туыстарыңызға амандық пен береке тiлеймiн! Туған жерiмiзде бейбiтшiлiк болсын, елiмiз одан әрi өркендей түссiн!