
Төтенше жағдай (әрi қарай — ТЖ) кезiнде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (әрi қарай — МӘСҚ) әлеуметтiк төлем тағайындаудан бас тартуға түрткi болатын негiзгi себептердiң қатарында өтiнiмдердiң қайталануы, МӘСҚ тарапына мiндеттi әлеуметтiк аударымдардың (МӘУ), мiндеттi зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және де бiрыңғай жиынтық төлемнiң (БЖТ) жасалмауы тұр.
Соңғы деректерге сүйенсек, МӘСҚ тарапынан төлемге азаматтар жолдаған өтiнiмдердi қарастыру барысында келесi жайттар анықталып отыр:
Осылайша, барлығы, ТЖ кезiнде табыстан айырылу бойынша МӘСҚ тарапынан әлеуметтiк төлем тағайындау Ережесiне қатысты қателер мен сәйкессiздiктер жiберiлген 2 681 198 өтiнiм анықталды.
Еске салар болсақ, МӘСҚ тарапынан әлеуметтiк төлемге өтiнiм берушi азаматтар, ұсынылатын деректердiң шынайылығына жауап бередi.