Мемлекеттiк еңбек инспекторлар су тасқынына қарсы

Мемлекеттiк еңбек инспекторлар су тасқынына қарсы

2020 жылғы 13 наурызда мемлекеттiк еңбек инспекторлары жалғыз тұрып жатқан зейнеткер Иван Тимофеевич Мишаниннiң үйiне барды.

Бару мақсаты — «ЕРIКТIЛЕР СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ» науқаны аясында аумақты қардан тазалауға көмек көрсету.

Науқанға қатысушылар зейнеткердiң тұрғын үйiне жақын маңдағы қарды тазалап шықты.

Өз кезегiнде Иван Тимофеевич ерiктiлер идеясы және су тасқыны мәселелерiн шешуге көмек көрсеткендерi үшiн алғысын бiлдiрдi.