Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алқа отырысында азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алқа отырысында азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды

2020 жылғы 4 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімі Қ.І. Ақсақаловтың, уәкілетті мемлекеттік органдар мен аймақтың бизнес қоғамдастығының басшыларының қатысуымен 2019 жылдың 12 айы ішінде еңбек заңнамасы саласындағы заңдылықтың жай-күйі мәселесі бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Күн тәртібіне сәйкес прокуратураның, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының және облыстың мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты тыңдалды.

Алқада сөз сөйлеген СҚО бас мемлекеттік еңбек инспекторы Қайрат Пішенбаев өңірдегі мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек құқықтарын сақтауға және қызметкерлерді қорғауға, олардың әл-ауқаты мен кірістерін жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатқанын атап өтті. Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда тұр.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалып, жалақы бойынша берешектерді төлеу бойынша жұмысты жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Азаматтардың жалақысын уақытылы төлеу мәселелері Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен прокуратурасының тұрақты бақылауында.