Бала еңбегiнiң ең нашар түрлерiне қарсы күрес

Бала еңбегiнiң ең нашар түрлерiне қарсы күрес

Балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiнiң алдын алу және болдырмау

Қазiргi уақытта Қазақстанда бала еңбегiн болдырмау үшiн жеткiлiктi құқықтық база және осы мәселе бойынша заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшiн тетiктер жасалды, сондай-ақ балаларды балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тартқаны үшiн қылмыстық және әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген.

ҚР еңбек заңнамасының негiзгi қағидаттарының бiрi балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу болып табылады (ҚР 4-бабы 3-тармақшасы).

ҚР Еңбек кодексiнде бала еңбегiн пайдалануға жол бермеу мақсатында еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас белгiленген (ҚР ЕК 31-бабы).

31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас

Еңбек келiсiм-шартын он алты жасқа толған азаматтармен жасасуға рұқсат етiледi. Еңбек шарты:

  1. орта бiлiм беру ұйымында негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;
  2. оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн бұзбайтын жұмысты орындау үшiн он төрт жасқа толған оқушылармен;
  3. кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтiрмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшiн осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкiн.

Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкiлдерiнiң бiреуi қол қоюға тиiс.

ҚР Еңбек кодексiнiң 26-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес он сегiз жасқа толмаған азаматтармен ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарға, сондай-ақ, қызметкердiң толық материалдық жауапкершiлiгi көзделетiн лауазымдар мен жұмыстарға, қызметкердiң жұмыс берушiнiң мүлкiнiң және басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн, сондай-ақ олардың денсаулығына және адамгершiлiк дамуына (ойын бизнесi, жұмыс түнгi ойын-сауық орындарында, өндiрiс, алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау және сату) зиян келтiруi мүмкiн жұмыстарды орындауға еңбек шартын жасасу жол берiлмейдi.

Осы мақсатта ЕХӘҚМ 2015 ж. 08.12. № 944 қаулысымен он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмi бекiтiлдi.

Мемлекет кәмелетке толмағандардың еңбегiне заңнамалық талаптар белгiлей отырып, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (еңбек инспекциясы жөнiндегi жергiлiктi орган, прокуратура, бiлiм басқармасы) жүзеге асырады.

Өкiнiшке орай, ҚР кейде кәмелетке толмағандарды еңбек тартудың жекелеген фактiлерi орын алады. Мұндай фактiлер, негiзiнен, қызмет көрсету, сауда, ауыл шаруашылығы салаларында анықталады.

Жүргiзiлген талдауға сәйкес 12-18 жас аралығындағы балалар жазғы уақытта, көбiнесе, сауда орындарындағы (балмұздақ, сусындар сату, даяшылар, базарларда жүк тасымалдау және т.б.) еңбекке тартылады. Неғұрлым көп кездесетiн бұзушылықтардың бiрi жұмыс берушiлердiң балалармен еңбек шарттарын жасамауы және еңбек режимiн сақтамауы бұзушылық болып табылады.

Егер жұмыс берушi қызметкердiң еңбек құқықығын бұзса, онда ол жұмыс берушi орналасқан еңбек инспекциясы бойынша жергiлiктi органда шағымдануы тиiс (ЕК 17-бабы 1), 12-бабы 7-тармағы).

Еңбек инспекциясы берiлген өтiнiш негiзiнде кәсiпорында тексеру жұмыстарын жүргiзедi және тәртiп бұзушылық анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Мемлекеттiк еңбек инспекторлары азаматтарды күн сайын қабылдайды, оның барысында консультативтiк көмек көрсетедi. СҚО Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының мекен-жайы: Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64-үй. Байланыс телефондары 36-17-86, 46-37-73, 46-01-94, сенiм телефон 50-32-27.

СҚО Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының git.sko.gov.kz ресми интернет-ресурсы жұмыс iстейдi.