«Еңбек жолы» - 2023 өңірлік конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау

«Еңбек жолы» - 2023 өңірлік конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау

2023 жылғы 06 қазанда Тимирязев ауданы Тимирязев ауылындағы еңбек әулеттері арасында жыл сайынғы «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Үздік еңбек әулеті» номинациясын бойынша «Атамекен Агро-Тимирязево» ЖШС - да жұмыс істейтін (Тимирязев ауданы) Тихоновтар әулеті 3 - орынды иеленді.

Еңбек әулеті неден басталады? Өз мамандығына, сүйікті ісіне деген шексіз махаббаттан және осы махаббатты келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыруға деген талпыныстан басталады. «Атамекен Агро-Тимирязево» ЖШС-да да еңбек әулеттерінің алтын қоры бар. Осылайша, Тихоновтар әулеті өзінің еңбекке деген сүйіспеншілігімен және туған кәсіпорнына деген адалдығымен мақтана алады.