
2023 жылғы 03 ақпанда Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және этикалық нормаларды сақтау бойынша семинар өткізілді.
Аталған семинарға мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Д.Т.Контаева шақырылды.
Динара Контаева «Оң имиджді қалыптастыру, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің стандарттарын сақтау туралы» тақырыпта сөз сөйледі.
Семинар барысында қызметкерлердің назары мемлекеттік қызметшінің моральдық-әдептілік бейнесі Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылатынына аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Мирас Сабағанов мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құқықтық актілердің талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.