Қауіпсіз еңбек жағдайларын және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізу

Қауіпсіз еңбек жағдайларын және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізу

2023 жылғы 27 қаңтарда СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қауіпсіз еңбек жағдайларын және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді, оған құрылыс және өндіріс саласындағы кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

- 2022 жылдың өткен кезеңіндегі жазатайым оқиғаларды талдау;

- Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету тәртібі;

- Оқу орталығында биіктікте жұмыс істеуді оқыту тәртібі;

- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы;

- Міндетті әлеуметтік аударымдардың уақтылығы.

Жоғарыда баяндалған мәселелерді қарау шеңберінде, Петропавл қаласының жұмыс берушілері жұмыста одан әрі қолдану үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтау нормалары туралы хабардар етілді.