
28 сәуiр — Дүниежүзiлiк еңбектi қорғау күнi. 18 жылдан берi бүкiл әлем бойынша бұл күнi еңбек жағдайларын қорғау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жұмысшылардың өмiрi мен денсаулығын сақтау саласындағы қызметтi дамытуға ықпал ететiн iс-шаралар өткiзiлiп келедi.
2021 жылғы 28 сәуiрде Мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы "Zoom" қосымшасы арқылы бейнеконференцбайланыс режимiнде кеңес өткiздi. Аталған iс-шараға жұмыс берушiлер, еңбектi қорғау қызметiнiң мамандары, кәсiподақ комитетiнiң төрағалары, ұйымдардың техникалық инспекторлары, Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiподақ орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментi қатысты.