
Наурыз — табиғаттың қайта түлеп, тiршiлiк атаулының жаңаратын кезi. Сан ғасырлық тарихы бар Ұлыстың ұлы күнi Орта Азия халықтарының Жаңа жылы болып саналады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсiздiк бәрiнен қымбат" атты мақаласында көктем мерекесi — Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетiн тұжырымдама жасауды ұсынды. Осыған байланысты Наурыз мейрамын 10 күн тойлауды дәстүрге айналдыру ұсынылып отыр. Яғни, наурыздың 14-нен бастап Ұлыстың Ұлы күнiне әзiрлiкке әрi ұлттық мұрамызды дәрiптеуге арналмақ.
Осыған орай Басқарма қызметкерлерi Наурыз мейрамын 2021 жылдың 19 наурызында атап өттi, мереке барысында басқарма ұжымның жас мамандарына мерекенiң маңыздылығы туралы өсиет айтып, ұжымды Ұлыстың ұлы күнi Наурыз мейрамымен құттықтады.