2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың
«ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру
АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ – бұл реформа еңбек қатынастарын «ақтаудың» пәрменді құралына айналады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2022 жылдың басынан бастап облыс бойынша 298 кәсіпорын тексерді. Еңбек заңнаманың 375 бұзышылығы анықталды, соның ішінде 239 еңбек қатынастары бойынша, қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша – 136.
Әкімшілік жауапқа айыппұл түрінде 106 лауазымды және заңды тұлғалар сомасы 17,2 млн. теңге көлемінде жауапқа тартылды.
Мекемені тексеру барысында, мемлекеттік еңбек инспекторларымен тексерілген мекемелерге жалақы берешектерін өтеу туралы апталық мониторинг жүргізіледі.
2022 жылдың 9 айы ішінде өндірісте 24 жазатайым оқиға орын алып, 30 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын сұрағы бойынша 45 түсіндіру берілді. Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерін қолдану сұрақтары бойынша 87 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыскерлердің еңбек құқықтарының шектелуі туралы 974 жазбаша өтініштерін қарастырды, оның ішінде еңбек бұзышылық бойынша - 677, еңбек қауіпсіздігі бойынша – 296, жұмыспен қамту - 1. Сонымен қатар, 2302 ауызша кеңес пен түсіндірме берілді.