2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Тоқаевтың
«ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру
«Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет».
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2022 жылдың басынан бастап облыс бойынша 298 кәсіпорын тексерді. Еңбек заңнаманың 375 бұзышылығы анықталды, соның ішінде 239 еңбек қатынастары бойынша, қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша – 136.
Әкімшілік жауапқа айыппұл түрінде 106 лауазымды және заңды тұлғалар сомасы 17,2 млн. теңге көлемінде жауапқа тартылды.
Мекемені тексеру барысында, мемлекеттік еңбек инспекторларымен тексерілген мекемелерге жалақы берешектерін өтеу туралы апталық мониторинг жүргізіледі.
2022 жылдың 9 айы ішінде өндірісте 24 жазатайым оқиға орын алып, 30 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын сұрағы бойынша 45 түсіндіру берілді. Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерін қолдану сұрақтары бойынша 87 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыскерлердің еңбек құқықтарының шектелуі туралы 974 жазбаша өтініштерін қарастырды, оның ішінде еңбек бұзышылық бойынша — 677, еңбек қауіпсіздігі бойынша – 296, жұмыспен қамту — 1. Сонымен қатар, 2302 ауызша кеңес пен түсіндірме берілді.