
Жыл сайын 1 маусым мен 12 маусым аралығында елiмiзде «Балалар еңбегiн қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны басталады. Бұл науқанның мақсаты балалар еңбегiн пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару болып табылады. Сонымен қатар, жазғы демалыс қарсаңында көптеген жасөспiрiмдердiң жұмыс iстегiсi келедi және жұмысқа орналасады.
Осыған байланысты, кәмелетке толмаған қызметкерлерге қатысты еңбек заңнамасының нормаларын түсiндiрiп кеткiм келедi.
Бiрiншi кезекте кодекс еңбек заңнамасының қағидаттарының бiрi — кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу қағидаты ретiнде айқындалғанын атап өткен жөн.
Жалпы, Кодексте белгiленген жұмысқа қабылдаудың ең төменгi жасы — 16 жас. Алайда, жалпы бiлiм беретiн оқу орнында орта бiлiм алған жағдайда 15 жасқа толған азаматтармен еңбек шарты жасалуы мүмкiн. Бұл ретте, жұмысты оқудан бос уақытта орындау үшiн 14 жасқа толған оқушылар және шығармашылық салада (кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершiлiк тұрғысынан дамуына нұқсан келтiрмей шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшiн) жұмыс iстейтiн 14 жасқа толмаған адамдар үшiн ерекше жағдайлар белгiленген. Екi жағдайда да еңбек шартына ата-анасының бiрi, қорғаншы, қамқоршы немесе асырап алушы қол қояды, ал кәмелетке толмағандар орындайтын жұмыстар олардың денсаулығына зиян келтiрмеуi және олардың оқу үрдiсiн бұзбауы тиiс.
Сонымен қатар, одекске кәмелетке толмағандардың еңбегiн қорғауға бағытталған бiрқатар ережелер енгiзiлген.
Осылайша, он сегiз жасқа толмаған азаматтармен:
Егер жұмыс берушiлер тарапынан жұмыскерлердiң еңбек құқықтары бұзылса, онда жұмыскерлер Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64 мекенжайы бойынша орналасқан СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасына жүгiнуге құқылы екенiн еске саламыз.
СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк
еңбек инспекциясы
басқармасының бөлiм басшысы
Кудрявцева Т.В.