Құқықтық жалпы оқыту
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы негiздерiне азаматтарды құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша Iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың басынан бастап мемлекеттiк еңбек инспекторлары келесi жұмыс жүргiзiлдi:
Еңбек және еңбектi қорғау туралы заңнамалық және нормативтiк актiлерiн қолдану сұрақтары бойынша 64 дәрiс-семинар өткiзiлдi.
Есептi кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын түсiндiру сұрағы бойынша 83 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
Тексерiс, консультациялар жүргiзу кезiнде мемлекеттiк еңбек инспекторларымен еңбек заңнамасын түсiндiру сұрақтары бойынша анықтамалық материалдар таратылады.

Азаматтарды және жұмыс берушiлердi ақпараттандыру мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары ҚР Еңбек кодексiне енгiзiлген өзгертулерге қатысты жалпыға ортақ құқықтық оқытулар мен семинарлар өткiзудi жалғастыруда.
Ақпараттық науқан шеңберiнде 2020 жылғы 17.06. Петропавл қаласы № 2 сотының бастамасы бойынша СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттiк еңбек инспекторы Гүлнар Мырзақанова ONLINE вебинарға қатысты, онда еңбек қатынастарына, сондай-ақ еңбектi қорғауға бағытталған нормаларға қатысты жаңалықтар туралы әңгiме қозғалды.
Семинарда судья Ирина Есиркепова еңбек саласын цифрландыру, еңбек даулары бойынша татуластыру тәртiбi және т. б. мәселелер бойынша енгiзiлген жаңалықтарды егжей-тегжейлi түсiндiрiп кеттi.
Мемлекеттiк еңбек инспекторы Гүлнар Мырзақанова жұмыскерлердiң жекелеген санаттары үшiн еңбек заңнамасында көзделген кепiлдiктер, еңбекақы төлеу, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптары жайлы айтып бердi.
Ағымдағы жылдың 4 мамырында Мемлекет басшысы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлген «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңға қол қойғанын еске саламыз.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 4 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне еңбек мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңға қол қойды, ол 16 мамырдан бастап қолданысқа енгiзiлдi.
Заң Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес әзiрлендi және:
Аймақ азаматтары мен жұмыс берушiлерiн ақпараттандыру мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары кәсiподақ орталығының өкiлдерiмен бiрлесiп, Еңбек кодексiне енгiзiлген жаңалықтар бойынша көшпелi түсiндiру семинарлары мен құқықтық жаппай оқу сабақтарын өткiзедi.
Iс-шаралар Тимирязев, М. Жұмабаев, Ғ. Мүсiрепов, Жамбыл және Мамлют аудандарында өткiзiлдi.
Мемлекеттiк еңбек инспекторлары күн сайын азаматтарды қабылдайды, оның барысында консультативтiк көмек көрсетедi. СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының мекенжайы: Петропавл қаласы, Абай көшесi, 64. Байланыс телефондары: 36-17-86, 46-37-73, 46-01-94, сенiм телефоны 50-32-27.
СҚО әкiмдiгi мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының git.sko.gov.kz ресми интернет-ресурсы жұмыс iстейдi.