Меню

Страницы

Статья

Жалпы ақпарат

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64
Индекс: 150008
Ресми интернет-ресурс: git.sko.gov.kz
Электрондық пошта: git@sqo.gov.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 7152 46-86-06
Сенім телефоны: +7 7152 50-32-27

Басшылық

Басқарма басшысы — М. Қ. Сабағанов

Басшының орынбасары — лауазым бос

2023 жылға «СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі

№

ТАӘ

Лауазымы

Телефоны

Қабылдау уақыты

Мекенжайы

1

Мирас Қапетұлы Сабағанов

«СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ басшысы

46-86-06

Апта сайын сейсенбі күндері сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64

2

вакансия

«СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы»КММ басшысының орынбаары

46-86-06

-

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64

Мемлекеттік еңбек инспекторлары күн сайын сағат 09-00-ден 13-00-ге дейін және сағат 14-30-дан 18-30-ға дейін азаматтарды қабылдайды

2023 жылдың қазан айына мемлекеттік еңбек инспекторларының келушілерді қабылдау кестесі

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Басқарма қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептерін талдау және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексереді;

5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;

6) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;

7) еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;

8) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мерзімді есептерді, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйе базасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;

9) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;

10) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпарат ұсынады;

11) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады;

12) әлеуметтік әріптестік саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның жұмысы бөлігінде;

13) Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде мердігерлер тарапынан жұмысқа қабылдаудың дұрыстығы бойынша еңбек келісімдерінің орындалуын бақылайды.

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
16 октября 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы