Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2026 жылдың басынан бастап облыс бойынша 176 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 250 бұзышылық анықталды, соның 149-і еңбек қатынастары бойынша, 101 қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша.
103 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 15,2 млн. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2026 жылдың 8 айы ішінде өндірісте 20 жазатайым оқиға орын алып, 22 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 43 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 94 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 1194 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 1086, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 108. 1776 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.