2025 жылдың 12 айы ішінде өндірісте 36 жазатайым оқиға орын алып, 44 адам зардап шекті. Жазатайым оқиғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
2025 жылғы 12 айда бөліммен 116 тексеру өткізілді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторларымен 262 Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды, олардың арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 163 бұзушылық, еңбек қатынастары мәселелері бойынша 99 бұзушылық. Осыған байланысты, заңдылықтың бұзылуына жол берген жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жою туралы міндетті түрде орындау үшін 63 нұсқама берілді.
Сонымен қатар, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша әкімшілік айыппұл салынумен қатар 42 әкімшілік өндіріс қозғалған.