Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы 9 айы ішіндегі МЕИ қызметі туралы Ақпарат

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2025 жылдың басынан бастап облыс бойынша 172 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 301 бұзышылық анықталды, соның 152-і еңбек қатынастары бойынша, 149 қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша. 

53 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 9,1 млн. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.

2025 жылдың 9 айы ішінде өндірісте 21 жазатайым оқиға орын алып, 28 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 58 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 84 дәріс-семинар өткізілді. 

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 1283 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 1227, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 56. 1903 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.

 

Дата публикации
02 октября 2025
Дата обновления
02 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы