Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2025 жылдың басынан бастап облыс бойынша 12 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 10 бұзышылық анықталды, соның 10-і еңбек қатынастары бойынша, 0 қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша.
5 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 1 млн. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2025 жылдың 1 айы ішінде өндірісте 1 жазатайым оқиға орын алып, 2 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 2 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 3 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 87 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 84, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 3. 170 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.