2024 жылдың 12 айы ішінде өндірісте 34 жазатайым оқиға орын алып, 39 адам зардап шекті. Жазатайым оқиғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
2024 жылғы 12 айда бөліммен 146 тексеру өткізілді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторларымен 128 Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды, олардың арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 43 бұзушылық, еңбек қатынастары мәселелері бойынша 85 бұзушылық. Осыған байланысты, заңдылықтың бұзылуына жол берген жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жою туралы міндетті түрде орындау үшін 68 нұсқама берілді.
Сонымен қатар, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша әкімшілік айыппұл салынумен қатар 49 әкімшілік өндіріс қозғалған.