Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2024 жылдың басынан бастап облыс бойынша 270 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 192 бұзышылық анықталды, соның 133-і еңбек қатынастары бойынша, 59-і қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша.
90 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 16 млн. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2024 жылдың 12 айы ішінде өндірісте 34 жазатайым оқиға орын алып, 39 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 80 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 103 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 1123 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 1061, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 62. 2423 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.