Меню

Страницы

Статья

Жұмыс берушілер мен қызметкерлерге әлеуметтік әріптестікті және өзара тиімді жағдайларды дамыту мақсатында ұжымдық шарттар жасасуды ұсынамыз

ҚР Еңбек кодексі жұмыскерлер үшін айлық жалақының ең төменгі мөлшері (2024 жылға 85 000 теңге), күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы (24 күнтізбелік күн), орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты бір айдан екі айға дейінгі өтемақы төлемдері түріндегі еңбек және өтемақы саласындағы ең төмен әлеуметтік кепілдіктерді белгілейді.

Алайда, жұмыс беруші ұжымдық шарт пен өңірлік келісімдер жасай отырып, еңбек кодексінде көзделген еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктерді көздеуге, яғни жұмысынан, жалақысынан, демалысынан және өзге де төлемдерден айырылуына байланысты өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшерін көздеуге құқылы.

Сондай-ақ, ұжымдық шарт пен өңірлік келісім экономикалық саясатты нығайту, еңбек қатынастарын, дауларды реттеу, тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, лайықты еңбекақы төлеу жағдайларын жасау жөніндегі құрал болып табылады және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына, жұмыс берушілеріне, қызметкерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.

Осыған байланысты, ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті жұмыс берушілер мен қызметкерлерге әлеуметтік әріптестікті және өзара тиімді жағдайларды дамыту мақсатында ұжымдық шарттар жасасуды ұсынады.

Дата публикации
05 января 2025
Дата обновления
05 января 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы