2024 жылғы 6 айдағы қызмет қорытындылары туралы
2024 жылдың 6 айында бөліммен 69 тексеріс өткізілді, ҚР еңбек заңнамасын 34 бұзушылық анықталған.
Тексеру нәтижелері бойынша 28 кәсіпкерлік субъектісі 1420 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жеке және заңды тұлғалардың 252 өтініші қаралды.
2024 жылы 01.07. облыс бойынша 6 123 ұжымдық шарт жасалды, ол 94,5% құрайды.