Меню

Страницы

Статья

Мұнара крандарын іске қосу

Мұнара крандарын қауіпсіз пайдалану ережелері Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен реттелген (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығы).

Мұнара краны тігінен орналасқан мұнараның жоғарғы жағына бекітілген жебесі бар айналмалы кран. Қажетті биіктікке көтеріліп, материалдарды, бөлшектер мен құрылымдық элементтерді төсеу орнына жеткізілетін тік көлік негізінен мұнара крандарымен жүзеге асырылады.

Мұнара краны-құрылыс қарқынын және белгіленген мерзімде жұмыстың орындалуын анықтайтын құрылыстағы жетекші машина болып табылады.

Мұнара крандарының басты артықшылығы - әртүрлі құрылымдар мен жабдықтарды ыңғайлы орнатуға және жөндеуге  мүмкіндік беретін үлкен және еркін айналу көлемі болып табылады.

Мұнара крандарын пайдалану кезінде құрылыс ұйымдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары нормаларының және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптарын сақтауға міндетті.

Пайдалану алдында барлық мұнара крандары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепке қойылуға тиісті. Мұнара крандарын есепке қою Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы құрылыс ұйымдарына мұнара крандарының жұмысы кезінде заңнаманы сақтау қажеттігін еске салады. Оларды мұқият және дәл сақтай отырып, сіз жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан қорғайсыз.

Дата публикации
26 июня 2024
Дата обновления
26 июня 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы