Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 1 айы ішіндегі МЕИ қызметі туралы Ақпарат

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2024 жылдың басынан бастап облыс бойынша 25 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 19 бұзышылық анықталды, соның 18-і еңбек қатынастары бойынша, 1-і қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша. 

10 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 1,4 млн. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.

2024 жылдың 1 айы ішінде өндірісте 1 жазатайым оқиға орын алып, 1 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 1 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 27 дәріс-семинар өткізілді. 

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 84 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 81, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 3. 174 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.

Дата публикации
02 февраля 2024
Дата обновления
02 февраля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы