«Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет».
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2023 жылдың басынан бастап облыс бойынша 211 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 276 бұзышылық анықталды, соның 152-і еңбек қатынастары бойынша, 123-і қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша, 1- халықты жұмыспен қамту бойынша.
84 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 12,8 млн. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2023 жылдың 12 айы ішінде өндірісте 35 жазатайым оқиға орын алып, 38 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 105 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 84 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 922 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 787, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 135. 2462 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.