2020 жылдан бастап Қазақстанда еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарын есепке алу көзделген.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ) – еңбек шарттарын, еңбек қызметін және қызметкерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.
Жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтерді жұмыс беруші екі тарап еңбек шартына қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, өзгерістер мен толықтырулар туралы – күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей және еңбек шарты 3 жұмыс күні ішінде тоқтатылған кезде ЕШЕБЖ енгізуге тиіс. Сондай-ақ, ЕШЕБЖ жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс беру туралы мәліметтер енгізіледі.
ЕШЕБЖ жүргізу жұмыс берушінің міндеті болып табылады және «enbek.kz» порталда жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің еңбек шарттары туралы мәліметтерді сотқа енгізбеу фактісі анықталған кезде жұмыс берушіге ұйғарым беріледі, оны орындамағаны үшін кейіннен айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделеді.
Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы өңірдің барлық жұмыс берушілерін еңбек заңнамасын бұзбауға және өздерін айыппұл салмауға шақырады.