Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 1 шілдеден бастап еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша есептеу кезінде айлық есептіқ көрсеткіштің қандай мөлшерін пайдалану қажет?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 133-бабына сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. Еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу үшін уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақтар (аурухана парағы) негіз болып табылады.

Бір айға төленетін еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Мысал: орташа күндік кірісті еңбекке жарамсыздық күндерінің санына көбейту ретінде есептеледі. 3902,40 * 2 = 7 804,80 теңге. Алынған сома 25 АЕК-тен (2023 жылға 86 250 теңге) аспайды, демек, қызметкерге есептеуге 7 804,80 теңге сомасы беріледі.

         Егер қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздықтың ауыспалы парағы бойынша болған болса, онда бұл жағдайда ай сайын жеке төленеді.

         2023 жылдың 1 шілдесіне дейін еңбекке уақытша жарамсыздық сомасы 15 АЕК-тен (2023 жылға 51750 теңге) аспауы тиіс еді.

Дата публикации
02 ноября 2023
Дата обновления
02 ноября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы