Меню

Страницы

Статья

Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау шартының жасасуы туралы

2005 жылы қабылданған заң бойынша әр жұмыс беруші жұмыскерлерді сақтандыруға міндетті. Сақтандыру қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауы кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтайды.

Бұл заң 17 жылдан бері қолданылып келе жатқанына қарамастан, әлі де міндетті сақтандыру шартын жасамайтын компаниялар бар.

Сақтандыру – бұл ЖШС, ЖК және басқа заңды тұлғалардың өз жұмыскерлерін соңғы еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасуы.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 182-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес сақтандырудың бұл түрі міндетті болып табылады және сақтандыру қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиға болған жағдайда ғана қолданылады. Жазатайым оқиғаға байланысты шығыстар төлемдер түрінде - белгіленген сомада не жұмсалған шығыстар сомасында өтеледі.

Жазатайым оқиға деп адамның еркіне қайшы келетін, денсаулыққа зиян келтіруге, мертігуге немесе өлімге әкеп соққан ағзаға сыртқы механикалық, электрлік, химиялық, термиялық немесе басқа да әсер ету нәтижесінде пайда болған кенеттен, қысқа мерзімді оқиға түсініледі.

Міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтару әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеп соғады. Осы құқық бұзушылық үшін кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 1 000 АЕК дейін (2023 жылы – 3 450 000 теңге) айыппұл салынады.

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында, жұмыс берушілерге аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу қажет.

Дата публикации
09 октября 2023
Дата обновления
09 октября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы