2023 жылдың 8 айы ішінде өндірісте 18 жазатайым оқиға орын алып, 21 адам зардап шекті. Жазатайым оқиғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
2023 жылғы 8 айда бөліммен 85 тексеру өткізілді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторларымен 127 Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды, олардың арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 55 бұзушылық, еңбек қатынастары мәселелері бойынша 72 бұзушылық. Осыған байланысты, заңдылықтың бұзылуына жол берген жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жою туралы міндетті түрде орындау үшін 54 нұсқама берілді.
Сонымен қатар, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша әкімшілік айыппұл салынумен қатар 32 әкімшілік өндіріс қозғалған.