Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-ж. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "сындарлы қоғамдық ДИАЛОГ – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2023 жылдың басынан бастап облыс бойынша 128 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 189 бұзышылық анықталды, соның 113-і еңбек қатынастары бойынша, 75-і қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша, 1- халықты жұмыспен қамту бойынша. 

43 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 7,4 млн. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.

2023 жылдың 7 айы ішінде өндірісте 13 жазатайым оқиға орын алып, 13 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.

Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 83 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 59 дәріс-семинар өткізілді. 

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 532 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 463, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 69. 1435 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.

Дата публикации
01 августа 2023
Дата обновления
01 августа 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы