03.04.2023 жылы «МДМ Сауда Компаниясы» ЖШС жоспардан тыс тексеру аяқталды. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
07.04.2023 жылы «Основание» ЖШС субъектісіне барумен профилактикалық бақылау аяқталды. Тексеру нәтижелері бойынша директордың атына еңбек шарты, жалақы, жұмыс орындарының қауіпсіздігі талаптары тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі сомаларды төлеу мерзімдерін бұзу бөлігінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
17.04.2023 жылы «SK ADS» ЖШС жоспардан тыс тексеру аяқталды. Тексеру нәтижелері бойынша ақшалай қаражатты толық көлемде төлемеу бөлігінде бұзушылықтар, жалақы төлеу мерзімдерінің бұзылуы, еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін төлемнің болмауы анықталды, осыған байланысты «SK ADS» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, «SK ADS» ЖШС директорына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
21.04.2023 жылғы «Қазпошта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды. Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
24.04.2023 жылы «Екпін-2002» ЖШС жоспардан тыс тексеру аяқталды. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған жоқ.
24.04.2023 жылы «Мамлютское 1» ЖШС жоспардан тыс тексеру аяқталды. Тексеру нәтижелері бойынша бұл ЖШС қызметкерлерге жалақыны уақтылы және толық көлемде төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, «Мамлютское 1» ЖШС директорының атына еңбек қатынастары бөлігінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
26.04.2023 жылы «Агрофирма Мамлютская» ЖШС жоспардан тыс тексеру аяқталды. Тексеру нәтижелері бойынша қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынбау бөлігінде бұзушылық анықталды, осыған байланысты «Агрофирма Мамлютская» ЖШС директорына анықталған бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізілді.
26.04.2023 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Қызылжар» филиалына жоспардан тыс тексеру аяқталды. Бұзушылықтар анықталған жоқ.