2023 жылдың 3 айы ішінде өндірісте 3 жазатайым оқиға орын алып, 3 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
2023 жылғы өткен кезеңінде бөліммен 23 тексеру өткізілді.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторларымен 34 Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды, соның 20-і еңбек қатынастары бойынша, 14-і қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша. Осыған байланысты, заңдылықтың бұзылуына жол берген жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жою туралы міндетті түрде орындау үшін 17 нұсқама берілді.
Сонымен қатар, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 345 АЕК әкімшілік айыппұл салынумен қатар 9 әкімшілік өндіріс қозғалған.