АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ – бұл реформа еңбек қатынастарын «ақтаудың» пәрменді құралына айналады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2023 жылдың басынан бастап облыс бойынша 43 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 27 бұзышылық анықталды, соның 23-і еңбек қатынастары бойынша, 4-і қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша.
14 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 2 035 500,0 теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2023 жылдың өткен кезең ішінде өндірісте 3 жазатайым оқиға орын алып, 3 адам зардап шекті. Жазатайым оқиғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 4 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 24 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 204 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 181, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 23. 555 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.