«Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет».
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2023 жылдың басынан бастап облыс бойынша 29 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 20 бұзышылық анықталды, соның 15-і еңбек қатынастары бойынша, 5-і қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша.
8 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 1 535 250,0 теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2023 жылдың өткен кезең ішінде өндірісте 2 жазатайым оқиға орын алып, 1 адам зардап шекті. Жазатайым оқиғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 2 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 18 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 132 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 116, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 16. 357 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.