Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы негіздеріне азаматтарды құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары келесі жұмыс жүргізілді:
Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерін қолдану сұрақтары бойынша 18 дәріс-семинар өткізілді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын түсіндіру сұрағы бойынша 2 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
Тексеріс, консультациялар жүргізу кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек заңнамасын түсіндіру сұрақтары бойынша анықтамалық материалдар таратылады.